Суперкубок үшін айқас: "Қайрат" пен "Тобыл" жаңа маусымды ашады

139

Матч бүгін Астана-Арена стадионында 17:00-де басталады. 

Суперкубок үшін айқас: "Қайрат" пен "Тобыл" жаңа маусымды ашады Фото: Афиша

Бүгін Қазақстан футболындағы жаңа маусымның шымылдығы түріледі. Ел Суперкубогы үшін алматылық "Қайрат" пен қостанайлық "Тобыл" жасыл алаңда жолығады. 

Өткен Премьер-лига маусымында "Қайрат" қатарынан екінші рет чемпион атанып, "Астанадан" екі ұпайға озып кеткен еді. Чемпиондық тағдыр соңғы турда шешіліп, алматылықтар жанкүйерлерін соңғы сәтке дейін толқыныста ұстаған болатын.

Ал "Тобыл" былтыр үздік үштікті түйіндеп қана қоймай, Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Қостанайлық клуб финалда "Ордабасыны" 2:0 есебімен ұтып, маусымды жарқын нотамен аяқтады.

Екі клубтың да Суперкубоктағы тәжірибесі мол. "Қайрат" соңғы жылдары халықаралық аренада да өзін лайықты көрсетіп, УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Милан мен Лондонда өткен кездесулерде баға жетпес тәжірибе жинады.

Ал, "Тобыл" трансферлік нарықта белсенді жұмыс жүргізді. Сарапшылардың бағалауынша, қостанайлық ұжымның құрамы елдегі құны жағынан екінші орында. 

Осының бәрі бүгінгі ойында тартыс пен шиеленістің жоғары болатынын аңғартады. Қазақстан футболының қос алпауыты маусымдағы алғашқы трофей үшін барын салмақ. Жанкүйерлерді нағыз футбол мерекесі күтіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу