Биыл 19-тамыз күні Эрик Тангрэйди "Барыспен" келісім-шартқа қол қойып, клубпен келісімге келді. Келе салып ол 14 ойында 7 ұпай жинаған еді. Жарақатына байланысты ем қабылдаған америкалық хоккейші осы жақында ғана жаттығу жұмыстарына кірісті деп хабарлайды "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі.
29 қазан күні "Барыс" өз айдынында "Металлург" (Магнитагорск" командасымен кездесу өткізеді. Эрик Тангрэйди осы матчта айдынға шығуы әбден ықтимал. Америкалық шабуылшы кезінде Ұлттық хоккей лигасында "Нью-Джерси", "Питсбург" секілді атақты клубтардың намысын қорғаған.
Ермұхамед Мәулен
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу