Қазақстан құрамасы Харбинде 4 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 4-нәтиже көрсетті. Енді жүлдегер атанған спортшыларымыз республикалық бюджеттен алтын медаль үшін 10 000 доллар, күміс жүлде үшін 5 000 доллар, қола жүлде үшін 3 000 доллар көлемінде сыйақы алады.
Командалық жарыстарда жүлдегер атанған әр спортшыға сыйақы беріледі. Мысалы алтын жүлдені 32 қазақстандық спортшы иеленді. Оның 23-і Қазақстан хоккей құрамасының спортшылары, сондай-ақ шаңғышы Владислав Киреев, шорт-тректен ерлер құрамасы (5000 метр) және шаңғышылар Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов алтыннан алқа тақты. Осылайша, алтын жүлдегерлерге 320 мың АҚШ доллар сыйақы үлестіріледі.
Харбинде алтын алған қазақстандық спортшылар:
Хоккейден ерлер ұлттық құрамасы (23 хоккейші – Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Әмірбеков, Максим Павленко, Андрей Шутов
Қорғаушылар: Данил Бутенко, Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев, Дмитрий Бреус, Эдуард Михайлов, Иван Степаненко
Шабуылшылар: Александр Борисевич, Андрей Буялский, Дмитрий Гренц, Артём Лихотников, Вячеслав Колесников, Евгений Рымарев, Әлихан Өмірбеков, Кирлл Панюков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Денис Чапоров)
10 шақырымдық спринтте биатлоншы Владислав Киреев
Шаңғышылар Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов синхронды секіруде
Шорт-тректен ерлер командасы, 5000 метрге эстафета (Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко)
Күміс медальмен ұлттық құрамамыздың 47 спортшысы марапатталып, олардың әрқайсысы 5 мың АҚШ долларынан алады. Сонда жалпы есепте 235 мың АҚШ доллары спортшыларға табысталады.
Күміс медаль иегерлері:
100 метрге конькимен жүгіруде Евгений Кошкин
3000 м конькимен жүгіруде эстафета, әйелдер командасы(Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Кумарқан, Алина Ажғалиева және Мадина Жанбусинова)
2000 м аралас эстафеталық команда
Хоккейден әйелдер құрамасы
Шаңғышы Константин Борцов
4х5 шақырым шаңғымен жүгіру эстафетасында Қазақстан әйелдер командасы
Фристайл акробатикадан аралас команда
10 шақырымдық спринт, биатлоншы Вадим Куралес
4х7,5 шақырымдық биатлон эстафетасы, Қазақстан ерлер құрамасы
Жалпы қола жүлдені 17 спортшы иеленген. Себебі кейбір спорт түрлерінен командалық жарыстар өтті. Әр спортшыға 3 мың АҚШ долларынан берілгенде, жалпы сыйақыға 51 мың АҚШ доллары жұмсалады.
Қола жүлде иегерлері:
Конькимен жүгіруден әйелдер командасы
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров
Шаңғышы Олжас Климин
Шаңғы жарысынан ерлер құрамасы
Биатлоннан 4х6 шақырымдық эстафетада әйелдер құрамасы
Фристайлдан Аяна Жолдас
Фристайл-акробатикадан әйелдер командасы.
Сондай-ақ бапкерлер де сыйақыдан құр алақан емес. Шәкірті бірінші орын иеленген бапкерлерге 5000 доллар, екінші орынға 3000 доллар, үшінші орынға 2000 доллар сыйақы беріледі. Дегенмен спортшы жекелей сында жеңіске жетсе, бұл сомма үш бапкерге, яғни оның алғашқы бапкеріне, қазіргі жеке бапкеріне және ұлттық құрама бапкеріне беріледі.
Егер спортшы командалық жарыста жеңіске жетсе, мұндай жағдайда оның әр бапкері, атап айтқанда алғашқы, қазіргі, және құрама бапкері толық көлемде сыйақы алады.