Сыр бойындағы МЖӘ жобаларының дені ауылға арналған

1552

Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 13,9 млрд теңгеге 53 жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Сыр бойындағы МЖӘ жобаларының дені ауылға арналған Фото: Облыстық экономика және қаржы басқармасынан

Қызылорда облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Нұрғали Қордабайдың айтуынша, өңірде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар көп. Ең бастысы олар қоғам үшін пайдалы болып отыр.

"Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында экономиканың барлық саласында 13,9 млрд теңгеге 53 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде мәдениет және спорт саласында – 21 жоба, денсаулық сақтау саласында – 14 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында – 9 жоба, білім саласында – 4 жоба, ақпараттық технологиялар саласында – 2 жоба, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында – 1 жоба, әлеуметтік қамсыздандыру саласында – 1 жоба, экология саласында  1 жоба қолға алынған", – деді Нұрғали Қордабай.

Мәселен, дене шынықтыру және спорт саласында 20 спорттық кешенді жалға алу мен сервистік қызметтер көрсету бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Мәдениет саласы бойынша 1 ауылдық клуб салынып, пайдалануға берілген.

Білім саласы бойынша 4 балабақша мен 2 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді.

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында әлеуметтік нысандардың бу қазандығын газға ауыстыру бойынша 7 жоба, электр энергиясын жүргізу бойынша 1 жоба жүзеге асырылды. 

"Денсаулық сақтау саласы бойынша 10 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілді, 2 ангиограф орнатылып, Қызылорда қаласында Исатай Тайманов көшесінде 400 қабылдауға арналған емханасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар Қызылорда облыстық онкология орталығына гистологиялық диагностикаға арналған жабдық орнатылды", – деп нақтылады басқарма басшысы.

Облыстық басқарманың хабарлауынша, "Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу және қалдықтарды саралайтын кешенді салу" және "Қызылорда қаласының қоғамдық көліктерінде электрондық билет жүйесін орнату" жобалары жүзеге асырылған.

Қазіргі таңда қабылданған мемлекеттік міндеттемелер уақытылы орындалып отырғанын және жүзе асырлған жобалардың басым көпшілігі ауылдық елді мекендерде екенін атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу