Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

366

Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі басты назарда.  

Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады Фото: news.sky.com

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты ресми мәлімдеме жасап, терең алаңдаушылық білдірді.

- Барлық тараптарды шиеленісті ушықтырмауға және барынша ұстамдылық танытуға шақырамыз. Қазақстан халықаралық және өңірлік дауларды тек саяси-дипломатиялық жолмен, халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысының қағидаларына сай шешуді қолдайды, - делінген СІМ хабарламасында.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Үндістан мен Пәкістан аумағындағы қазақстандықтарды қауіпсіз аймақтарға көшіру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу