Таеквондодан жарыстың соңғы күні көк туымыз тағы да көкке көтеріліп, ұлттық құрамамыз екі бірдей қола медальға қол жеткізді.
Әйелдер арасындағы командалық сында Мария Севостьянова, Айша Әділбекқызы және Нұрай Хусвинова сенімді өнер көрсетіп, үздік үштікке ілінді.
Аралас командалық жарыста да ел чемпиондары ешкімге есе жібермеді. Самирхон Абабакиров, Қаблан Бейбарыс, Назым Махмұтова және Айдана Сүндетбайдан құралған топ ел қоржынына тағы бір қола медаль салды.
Айта кету керек, бұған дейін Самирхон Абабакиров жекелей жарыста Универсиаданың алтын медалін иеленген болатын.
Осылайша, Қазақстанның таеквондо құрамасы Германия төрінде өткен дүбірлі додада 1 алтын, 7 қола медальмен табысты өнер көрсетіп, жанкүйер сенімін ақтады.