Таеквондошы Алидар Абдукаримов әлем чемпионатында қола медальға ие болды

135

Қазақстан таеквондо құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Таеквондошы Алидар Абдукаримов әлем чемпионатында қола медальға ие болды Фото: olympic.kz

Алидар Абдукаримов 68 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Спортшы жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде өзбекстандық Аюбхон Набиевке жол берді. Нәтижесінде қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, осы нәтижеден кейін ұлттық құраманың еншісіндегі жүлделер саны төртеуге жетті. Бұған дейін Айым Серікбаева (44 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу