Тағы бір қазақ сәйгүлігі Дубайдағы бәйгеге қатысады

476

Бұл бәйге десе ішкен асын жерге қоятын қалың қауым үшін тамаша жаңалық. 

Тағы бір қазақ сәйгүлігі Дубайдағы бәйгеге қатысады Фото: baige.federation

Жыл өткен сайын Таяу Шығыстағы ат жарыстарының танымалдылығы артып келеді.

Бүгін, 7 ақпанда Біріккен Араб Әмірлігінде Dubai Trophy атты ірі бәйге өтеді. Жарыста қазақстандық Азан есімді тұлпар дебют жасамақ. 

Дубайдағы ат жарыстары маусымындағы басты жүлделердің ойнатылуына бар болғаны екі ай қалды. Күн сайын Мейдан ипподромында өрбитін оқиғалар барған сайын қызықты бола түсуде.

Жалпы жеті бәйге өтеді. Олардың ешқайсысы топтық деңгейге жатпайды. Азан Burj Azizi бәйгесіне қатысады. Бұл 3 жастан асқан аттар сынға түсетін 2000 метрлік жарыс.

Дубайда Азан танымал жаттықтырушы Даг Уотсонның қолына түсті. Қазақстан атынан сынға түсетін Марат Кушеровтың  тұлпары 11-жарыс жолынан сайысты бастайды. Оған Ресейдің ең үздік жокейі Мырзабек Қаппушев мінеді.

Бұл бәйге гандикап мәртебесіне ие болғанына қарамастан, жарысқа өте мықты қарсыластар жиналды. Азанның қарсыластары қатарында Принц Роз, Фавзи Насса жаттықтыратын Гоу Солджер Гоу, Муссаба Әл-Мхеири баптаған "Лареш", сондай-ақ Бупат Симар жаттықтыратын "Мендельссон Бэй бар".

Жалпы, жарысқа 14 сәйгүлік  қатысады. Азанмен қатар Роуз есімді  ресейлік тұлпар да алғаш рет жарыс жолына шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу