Чехияда парламенттік партияда жеңіске жеткен оппозициялық партияның жетекшісі, мультимиллиардер Андрей Бабиш Украинаның Еуроодаққа кіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.
"Сіздер Еуроодаққа дайын емессіздер. Ең әуелі біз соғысты аяқтауымыз керек. Әрине, біз Украинамен ынтымақтас бола аламыз", – деді Андрей Бабиш украиналық БАҚ-қа берген сұхбатында.
Мультимиллиардер Украинаға көрсетілетін әскери көмекке қатысты да өз ойын жеткізді. Бабиштің айтуынша, Чехия бұл көмекті Еуроодақ арқылы көрсетіп жатыр.
"Еуроодақ Украинаға көмектесіп келеді, бұл еуропалық бюджетте көзделген. Біз бюджетке көп ақша төлейміз, осылайша көмекті жалғастырамыз", – деп түсіндірді партия жетекшісі.
Саясаткер Украинаға 2014 жылдан бері қолдау көрсетіп келгенін, Қырым аннексиясын да сынағанын айтты. Ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен үш рет кездескен.
Партиясы жеңіске жеткен Андрей Бабиш Чехия президенті Петр Павелмен кездесуге ниетті екенін жеткізді.
Бабиш бұған дейін Чехияның қаржы министрі және премьер-министрі болған. Соңғы жылдары оппозиция қатарында жүрді. Енді ол қайтадан билікке оралды.