Тағы бір спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды

443

Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Жазғы Олимпиада ойындарының лицензиясына ие болды.

Тағы бір спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ол іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Парижде өтетін төртжылдықтың басты додасына жолдама иеленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңартылған рейтингінде құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. 

Айта кету керек, Герасименко мансабында үшінші рет Олимпиада ойындарына баруға мүмкіндік алып отыр. Спортшы Рио-2016 және Токио-2020 Олимпиадасына қатысқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу