Тағы да допинг дауы…

833

Үш қазақстандық ауыр атлет допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін ұзақ мерзімге спорттан шеттетілді.

Тағы да допинг дауы… Фото: freepik

Vesti.kz мәліметінше Никита Абдрахманов, Клим Башаргин және Мира Ахметова допинг бақылауынан өте алмады. Атап айтқанда,  Абдрахманов пен Башаргиннің сынамаларынан "метандиенон" табылды. Нәтижесінде екеуі де үш жылға дисквалификацияланды (11.06.2023 — 11.06.2026). Ахметованың сынамасынан "остарин" табылды. Ол төрт жылға спорттан шеттетілді (11.06.2023 — 11.06.2027). 2008 жылдың қаңтар айынан бастап остарин препаратын Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) спортта қолдануға тыйым салынған заттардың тізіміне енгізген.

Әбдірахманов, Башаргин және Ахметованың сынамалары Шымкенттегі командалық базада оң нәтиже көрсетті. Нәтижесінде олар 2023 жылы Гвадалахарада (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына бара алмады.

2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алған болатын. Аталмыш турнирде Едіге Емберді мен Айсамал Сансызбаева жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 17 жастағы Никита Абдрахманов (102 келі) – жастар арасындағы екі әлем чемпионатының жеңімпазы (2022, 2023), жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022), жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы (2022).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу