Тағы да Пауло

1365

Жоао Паулоның голы "Ордабасыға" жеңіс сыйлады.

Тағы да Пауло

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 13-турында шымкенттік "Ордабасыдан" минималды есеппен жеңіліп қалды. Сегізбаев атындағы стадионда өткен матч 0:1 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды "Ордабасының" бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло соқты. Оның айып алаңының ішінен жасаған соққысы "Шахтер" қорғаушыларының біріне тиіп, доп қақпа төрінен табылды.

"Ордабасы" бұл жеңістен кейін 21 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Ал "Шахтер" 16 ұпаймен алтыншы орында қала бермек.

Кездесуден кейін "Ордабасы" командасының бас бапкері "Шахтер" командасымен өткен матч туралы пікірін білдірді:

"Команданы өте маңызды жеңіспен құттықтаймын! Ойының алдында бізде көп күрделі мәселелер орын алды. Жоао Пауло тек бүгін түнде ұшып келді. Бриджидо екі апта бұрын жарақат алған еді. Тек екі жаттығу өткізіп, 100% ойынға дайын болған жоқ. Махлангу екі апта жұмыс жасамай, кеше тек бір жаттығу өткізді. Сонымен қатар Досмағамбетов Ұлттық құрамадан жарақатпен келді. Ал кеше бастапқы құрамада ойнайтын Даутов тактикалық жаттығуда жарақат алды.

Бізде кадрлық мәселелер орын алды. Бірақ Механович дайын боп шықты. Бүгін біз басқа жүйемен ойнадық. Төрт қорғаушы және бір плеймейкер. Біз U-21 құрамасынан оралған жас ойыншыларға, оның ішінде Хаджиев пен Астановқа ойнауға мүмкіндік беріп қателескен жоқпыз. Ойында олар жақсы көрінді. Қазақстан құрамасына және біздің команда үшін керемет футболшылар өсіп келе жатыр.

Ойын жайлы айтатын болсам, бірінші таймда біз басымдық таныттық. Бірақ соңғы сәттерде тура соққылар болмады. Механович барлығын дұрыс жасап жатқаны көрініп тұрды. Бірақ ойын тәжірибесі жетпей тұрғаны анық байқалды. Сондықтан гол соғуға немесе голдық пас беруге мүмкіндігі болмады.

Екінші таймда біз мықты екенімізді білдік: Жоао Пауло, Бриджидо, Махлангу алаңға шықты. Және осы шешім бұған дейін жоспарланған еді. Тек біз Жоао мен Махлангуды бірге шығарайын деп едік. Дегенмен Механовичке тағы 5 минут беруге шешім қабылдадық. Матч соңында қарсылас команда жеңілетінін біліп, жұмыла шабуылға көшті. Ниеттері біздің қателік арқылы гол соғу еді. Менің ойымша, осы матчта біз лайықты түрде жеңіске жеттік. Жігіттерге ризамын. Ойын үшін оларға рахмет!", – деді Цхададзе.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу