Тағы да Словения қарсылас атанды

2526

Футзалдан Қазақстан құрамасының іріктеу жарысындағы қарсыласы анықталды. Одан бөлек чемпиондар лигасының да жеребесі тартылды. 

Тағы да Словения қарсылас атанды

Бүгін футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңінe арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе қорытындысына сәйкес, Қазақстан құрамасы 5-ші топта Словения мен Черногория құрамаларымен күш сынасатын болады. Турнир ережесі бойынша 36 команда үш командадан 12 топқа бөлініп, әр қарсыласпен өз алаңында және сырт алаңда бір ойыннан өткізеді. 12 топтың жеңімпаздары мен екінші орын алса да, үздік деп танылған төрт команда тікелей Элиталық раундқа жолдама алады. Ал өз топтарында екінші орын алған тағы сегіз команда өтпелі матч өткізеді. Негізгі турдың матчтары12-21 қыркүйек, 3-12 қазан, 6-9 қараша және 27 ақпан-8 наурыз аралығына жоспарланған.

Өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанған "Қайрат" пен күміс жүлдегер "Аяттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды. Бұл кезеңде өнер көрсететін алматылық "Қайрат" А тобында Францияның "Спортинг Париж", Бельгияның "Андерлехт" және Испанияның "Пальма" командаларымен күш сынасады. Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған "Аят" В тобында Хорватияның "Ново Время" және "Пула" клубтарымен, сондай-ақ португалиялық "Спортингпен" ойнайды.

Әрбір топтан үздік үш команда Чемпиондар лигасының 2022/23 жылғы элиталық раундына жолдама алады. Турнирдің негізгі кезеңінің матчтары 25-30 қазан аралығында өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу