Тағы да тоқтады

1926

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тоқтатылғаны туралы хабарлады. 

Тағы да тоқтады

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына және COVID-19 вирусымен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік Комиссиясының шешімімен елде 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге созылатын бірқатар шектеулер енгізілді.

Шектеу талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты шектеу шаралары тағы да 2 аптаға созылуы немесе күшейтілуі мүмкін. Осыған орай OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты 14 күнге тоқтатылды. Егер эпидемиологиялық жағдай ушығып жатса, аталған үзіліс созылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, 5 маусымға жоспарланған Қазақстан премьер лигасының 4-тур ойындарында Қостанайдың "Тобыл" командасы "Астанамен" кездесуі керек еді. Ал турнирлік кестеде көш бастап тұрған алматылық "Қайрат" Ақтауға баруы тиіс болатын. Сонымен қатар "Шахтер" өз алаңында қызылордалық "Қайсарды" қабылдау тиіс болатын.

Енді бұл ойындар кем дегенде 14 күнге кейінге шегерілді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу