Тағы да жеңіліс

2239

Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Шотландиядан жеңіліп қалды. 

Тағы да жеңіліс

Еуро 2020 додасының іріктеу турнирі аясындағы соңғы ойынында Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы ойынын Шотландия құрамасына қарсы өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Ойынның бірінші таймында Бақтиер Зайнутдинов алыстан жойқын соққы бағыттап, кездесу есебін ашты. Михал Билек шәкірттері бірінші таймды жеңіспен аяқтады. Сосын екінші тайм бастала салысымен Джон МакГинн таразы басын теңестірді. Ал 64-минутта адуынды шабуылшы Стивен Нейсмит тәжірибиесін пайдаланып жеңіс голын салды. Ал соңғы минутта Джон МакГинн үшінші голды салып, Шотландияның жеңісін сенімді етті. 

Қазақстан құрамасы өз тобында үшінші орын алуды мақсат тұтып еді, болмады. Тіпті төртінші орынға тұрақтаудың өзі де қолдан келмеді. 10 ұпайы бар Кипр құрамасы жеке кездесулердегі басымдылығы бойынша бізден биік тұр. Қазақстан құрамасы осыдан 10 дыл бұрын іріктеуде жинаған 10 ұпай рекордын бұл жолы айна қатесіз қайталап, мұрты бұзылмаған статистиканы жаңарта алмады. 

Шотландия - Қазақстан - 3:1

Голдар : Джон Макгинн 48, 90+1, Стивен Нейсмит 64 - Бақтиер Зайнутдинов 34

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу