Такси бағасы қай өңірде қымбат?

Өңірлік бөліністе бағаның өсуін Алматы тұрғындары қатты сезінді, бір жылда 30,3%-ға өсті. 

Такси бағасы қай өңірде қымбат? Фото: sportishka.com

2023 жылы Қазақстанда такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы 17%-ға, яғни 5,9 млрд теңгеге дейін өсті.  Осы кезеңде такси қызметтерін 47,4 млн адам қолданды, бұл былтырмен салыстырғанда 2%-ға аз. Жолаушылар айналымы бір жылда 44%-ға, 1,4 млрд жолаушы-километрге дейін қысқарды.

2023 жылғы қаңтар–қарашада такси қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар бір жыл бұрынғы 495,1 млн теңгеден біршама өсіп, 751,9 млн теңгеге жетті.

Инвестициялардың жылдық өсімі құндық мәнде 51,8%. 

Салымдардың ең көп сомасы Алматыда болды: 360,6 млн теңге, былтырмен салыстырғанда 6,9 есе көп. Өңірдің үлесі ҚР-дан 48%. 

Жаңа талапқа сәйкес, такси жүргізушілері салық органдарына тіркелуі керек немесе мобильді қосымша арқылы онлайн (ЖК ретінде) тіркеле алады. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Сонымен қатар жүргізушілерді салық төлеуден босату және осы міндетті операторларға жүктеу мүмкіндігі қарастырылып отыр. 

2023 жылдың желтоқсанында таксимен жүру өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1%-ға қымбаттады.

Өңірлік бөліністе бағаның өсуін Алматы тұрғындары қатты сезінді, бір жылда 30,3%-ға өсті. Ең арзан такси Ақтөбе және Абай облыстарында: тиісінше 22,1% және 17%.

Маңғыстау облысында такси қызметтерінің жылдық ең аз қымбаттауы тіркелді - 1,2%. Тағы үш облыста — Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бағалар бір жыл бұрынғыдай деңгейде қалды.

2024 жылдың 15 қаңтарында жарияланған Numbeo мәліметтері бойынша, стандартты тариф бойынша 1 км-ге есептелген такси қызметтерінің ең жоғары бағасы Швейцарияда (4,63 доллар), Люксембургте (3,29 доллар) және Кувейтте (3,25 доллар) тіркелді.

Қазақстанда такси қызметтерінің құны 0,61 доллар, бұл - ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Әзірбайжанда стандартты тариф бойынша 1 км-ге таксимен жүру құны 0,59 доллар, Ресейде — 0,34 доллар, Украинада — 0,32 доллар, Беларуссияда — 0,31 доллар, Армения мен Өзбекстанда - 0,3 доллар болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу