Талғарда футболдан балалар турнирінің ашылу рәсімі өтті

831

Турнир Қазақстан футболының 110 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Талғарда футболдан балалар турнирінің ашылу рәсімі өтті

Жарыстың ашылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин, Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрама командалар департаментінің директоры Ғани Қайназаров, "JKFL" лигасының директоры Александр Разинков қатысты. 

Жекеменшік мектептер мен академиялар арасында футбол лигасы 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен құрылды. Өткен жылы "JKFL" жарыстарына 300 команда мен 5 мыңнан астам бала қатысты. Мұның барлығы балалар арасында футболға деген қызығушылықтың жоғары екенін аңғартады. Талғарда өтетін турнирде үш жас категориясы бойынша 12 команда сынға түседі. Жалпы саны 260 жас футболшы жарысқа қатысады. 

Сонымен қатар 3 мамыр күні Астанада "JKFL" жарысының ашылу салтанаты өтіп, оған ФИФА президенті Джанни Инфантино мен ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қатысқан еді. Астана қаласындағы жекеменшік мектептер мен академиялар арасында "JKFL" жаңа маусымының ашылуы "Астана Арена" стадионында өтті. Инфантино әлемде футболды дамыту үшін осындай турнирлерді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ФИФА-ның бастауымен балалар футболы бағытында жүзеге асырылатын көптеген табысты бағдарламалар мен жобаларды мысалға келтірді.

Айта кетейік, "JKFL" жекеменшік мектептер мен академиялар арасындағы футбол лигасы 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен құрылған болатын. Өткен маусымда "JKFL" лигасына 300-ден астам команда қатысты (5000-нан астам бала). Бұл балалар арасында футболға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу