Талғардағы оқиғадан кейін Алматы облысында жоғары лауазымды алты полицей қызметінен босатылды

4960

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Полиция департаментінің басшылық құрамымен осы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талғардағы оқиғадан кейін Алматы облысында жоғары лауазымды алты полицей қызметінен босатылды Фото: Polisia.kz

Бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды:

  • Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров;
  • Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұржан Күнтүнов;
  • Полиция департаментінің Алматы облысы бойынша Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ұлан Байтақов;
  • Алматы облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
  • Алматы облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр;
  • Алматы облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаров.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Ол бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу