Талғардағы стадионда Чемпионат ойындарын өткізуге рұқсат берілмеді

1990

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Талғар қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар базасының стадионын тексеруден өткізді.  

Талғардағы стадионда Чемпионат ойындарын өткізуге рұқсат берілмеді

Базаның спорттық инфрақұрылымы жақсы күйде, табиғи футбол алаңының сапасы жоғары. Бірақ стадионда ойындардың тікелей көрсетілімін ұйымдастыруға жағдай жасалмағаны анықталды. Жалғасын табатын Чемпионаттың ойындары стадиондарда жанкүйерлерсіз өтеді, орын алған жағдайда футбол сүйер қауым кездесулерді тек тікелей эфир кезінде көруге мүмкіндік алады.

Осы жағдайға байланысты ҚКФЛ Әкімшілігі "Астана" футбол клубына OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын Талғар қаласында өткізуге рұқсат бермейтінін хабарлайды. Енді "Астана" футбол клубы қысқа уақыт ішінде Чемпионат ойындарын өткізетін қосалқы стадион табуы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, "Астана" екі ойынды Алматыда "Жас Қыран" стадионында өткізген. Алайда енді ол стадионда "Шахтер" өз алаңында өткізу тиіс кездесуді  өткізу үшін жалға алып қойды. Сонымен қатар Павлодарлық "Ертіс" чемпионаттан шығып қалғандықтан, "Астананың" 1-шілдеге жоспарланған кездесуі өтпейді. Сондықтан елордалық клубтың келесі ойыны жаңа кестеге сәйкес 11 шілдеге жоспарланып отыр. Ал сол күні өтетін кездесуде "Астана" Көкшетаудың Оқжетпесіне қарсы ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу