Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазан айында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстаған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең тарқасты. Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды, – деп жазды ҚФФ.
Талғат Байсуфинов – Қазақстанның бірқатар футбол клубында бапкер болған кәсіби маман. Әр жылдары "Есіл-Богатырь" (Петропавл), "Ақсу", "Ертіс" (Павлодар), "Ақжайық" (Орал) клубтарын басқарды, сонымен қатар Қазақстанның жастар құрамасымен жұмыс істеді.
Футболшы ретінде "Ертіс", "Металлург", "Еңбек", "Экибастузец", "Жетісу" және "Восток" клубтарының намысын қорғаған болатын.