Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

231

Әли Әлиев қызметінен кеткен соң ұлттық құрама бапкерсіз қалған еді. 

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды Фото: kff.kz

Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді.

Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарға дайындайды.

Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарады.

Дегенмен, қазіргі таңда ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін қызметіне үміткерлермен келіссөзді жүргізіп жатыр. Тізімде үш шетелдік маман бар екен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу