Мағжан Шамшадин Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды. Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы француз Энцо Джинды ипонмен жеңді.
Сондай-ақ, Аман Бақытжан Оңтүстік Корея спортшысы Ли Харимды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды. Финалда ол IJF атынан өнер көрсеткен Изнаур Сааевқа есе жіберді.
Осылайша, әзірге ел қоржынында 3 медаль бар. Әлемнің кіл мықтыларын жиналған бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылуда. Байрақты дода елімізде биыл үшінші рет өтіп жатыр.
Бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.