Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Ең алдымен Паязов нокдаунға түсті. Сәлден соң төреші кездесуді тоқтатуды жөн санады. Осылайша қазақстандық боксшы айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
Көкшетау бокс мектебінің түлегі 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдердің Дүниежүзілік Олимпиадасында күміс медаль иеленіп, дүйім жұрттың назарын өзіне аударған болатын. Көп ұзамай ол жастар арасында Азия чемпионы атанды. 10 жасынан бастап бокспен айналысады. Ол кәсіпқой боксқа биыл ауысқан және бұл оның екінші жеңісі. Ал Талғаттың қарсыласы өзбекстандық боксшы 22 кездесуде жеңіске жетсе, 14 кездесуде жеңіліс тапқан.
Сонымен қатар, бүгін, 23-қыркүйек Алматыда өткен бокс кешінде тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Рахат Сейітжан шаршы алаңға шықты және ол қарсыласынан мерзімінен бұрын жеңді. Алғашқы раундтаол өзбекстандық Шовкат халиловты нокаутқа жберді. Рахат қарсыласының бүйіріне соққы бағыттағаннан кейін, өзбек боксшысы жекпе-жекті одан әрі жалғастыра алмады.
Естеріңізге сала кетсек, бокс кешінің ең басты қаһармандары – ол Еділ Қожамбердиев (9-2, 9 КО) пен өзбекстандық Мухитдин Раджапбаев (12-7-1, 8 КО). Екі боксшы алғашқы ауыр салмақ бойынша WBC Asia және WBA Asia титулдары үшін жұдырықтасатын болады.
Ермұхамед Мәулен