"Тамаша келіссөз!": Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап жазба жариялады

АҚШ президенті Мемлекет басшысын тарихтағы ең ірі теміржол жабдықтарын сатып алу келісіміне қол қойғанымен құттықтады.    

"Тамаша келіссөз!": Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап жазба жариялады Фото: www.msn.com

Бұл туралы Трамп әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Мен жаңа ғана Қазақстанның аса құрметті президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тамаша келіссөз жүргіздім. Олар тарихтағы ең ірі теміржол жабдықтарын сатып алу келісіміне қол қойды. Ол – құны 4 миллиард АҚШ долларын құрайтын америкалық локомотивтер мен теміржол жабдықтары. Біз АҚШ-тың теміржол өнеркәсібін қолдауымыз керек, өйткені ол жылдар бойы жалған экологиялық топтардың шабуылына ұшырады. Тарихи әрі үлкен сатып алу үшін президент Тоқаевты құттықтаймын, – деп жазды Трамп.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамппен сөйлескенін жазған едік. Ал 8 қыркүйекте Дональд Трамп Қазақстанға келу туралы ойын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты "өте жақсы адам" деп атаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу