Тамызда 42 500 теңге емес, 21 250 теңге беріледі

3528

Мемлекеттік комиссия карантин мерзімін ұзартты.  

Тамызда 42 500 теңге емес, 21 250 теңге беріледі

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. 

"Бұл мәселеге қатысты Президенттің тікелей тапсырмасы бар: екі аптаға созылған карантинге байланысты төлем міндетті түрде жүргізіледі. Алайда  42 500 теңгенің жартысы – 21 250 теңге беріледі", – деді вице-премьер.

Айта кетейік кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын екі аптаға ұзартуды тапсырды. Бүгін мемлекеттік комиссия
карантин шараларын екі аптаға ұзарту туралы шешім қабылдады. 


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу