Таңбаланған тауар заңсыз ақша айналымының алдын алады

8016

Алкоголь өнімдеріне, аяқ киім мен дәрі-дәрмекке міндетті таңбалау енгізіледі.  

Таңбаланған тауар заңсыз ақша айналымының алдын алады

Таңбаланған тауар тұтынушыларды контрафактіден қорғайды және тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепіл болады. Таңбаланған тауар арқылы мемлекет сату тізбегін қадағалап, делдалдарға тосқауыл қояды және жосықсыз кәсіпкерлердің жолын кеседі. Сонымен қатар тауар құнын реттеуге мүмкіндік алады. 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, тері бұйымдарын таңбалау нәтижесінде былтыр бюджетке түсетін салық пен кедендік төлем 2018 жылмен салыстырғанда 55% ұлғайып, 385,3 млн теңгені құраған.

Ал Nielsen жаһандық зерттеу компаниясының дерегінше, Қазақстанда темекі өнімдерінің заңсыз айналымы 2019 жылы 2,3% жеткен. Бұл көрсеткіш биыл Осының алдын алу үшін биыл 1 қазаннан бастап темекі өнімдеріне, ал 2021 жылғы 1 сәуірден темекі өнімдерінің өзге түрлеріне міндетті таңбалау енгізіледі. Бұл туралы үкімет 2020 жылғы 10 қыркүйекте "Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" қаулы қабылдады. Біле жүріңіз, темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын БСБ құны ҚҚС құнын есепке алмағанда 2,68 теңгені құрайды. 2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша тиісті қаулы үкімет отырысында қабылданды. 

Болашақта алкоголь өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмек сынды 3 түрлі тауар тобына міндетті таңбалау енгізіледі. Бұдан бөлек сүт өнімдерін және жеңіл өнеркәсіптің кейбір тауарларын таңбалау бойынша қанатқақты жоба жүзеге асырылады. Қанатқақты жоба шамамен 1-2 жылға созылады. Мысалы темекі өнімдерін таңбалаудың қанатқақты жобасы 2018-2020 жылдар аралығын қамтыды. 

"Сауда қызметін реттеу туралы" заңға сәйкес, белгілі бір тауар топтарына міндетті таңбалауды енгізу туралы шешім таңбалауды енгізудің орындылығын талдау, сондай-ақ әртүрлі тауар топтарын таңбалау жөніндегі қанатқақты жобалардың қорытындысы бойынша салалық мемлекеттік органдар жүргізетін реттеушілік әсерді талдау нәтижесі негізінде ғана қабылданады. Қанатқақты жоба барысында бизнеспен бірлесіп іске асырудың техникалық нұсқалары мақұлданады және бизнеске түсетін қаржылық жүктеме ескеріледі. 

Қанатқақты жобалардың қорытындысы бойынша теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдардың тәуекелі болған жағдайда, белгілі бір тауар тобы бойынша міндетті таңбалау енгізілмейді", – деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметі. 

Қанатқақты жоба сәтті аяқталып, оң қорытынды шыққанда ғана тауарды таңбалау тиісті тауар тобы бойынша міндетті сипатқа ие болады. Іс барысында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады. 

Айта кетейік, темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын БСБ құны ҚҚС құнын есепке алмағанда 2,68 теңгені құрайды. 2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша тиісті қаулы үкімет отырысында қабылданды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу