Таңғы дайджест: Олимпиадада су добынан құрамамыз Черногорияға жеңілді, Ильфат Абдуллин ширек финалға шыға алмады

1341

Ватерполшыларымыз келесі кездесуін 2-тамызда Аустралияға қарсы өткізеді. Ал Ильфат Абдуллин үшін Токио Олимпиадасы аяқталды.

Таңғы дайджест: Олимпиадада су добынан құрамамыз Черногорияға жеңілді, Ильфат Абдуллин ширек финалға шыға алмады

Су добынан Қазақстан ұлттық құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарындағы төртінші кездесуінде ұпай жинай алмады. Бұл жолы қазақстандық ватерполшылар 12:19 есебімен Черногорияға есе жіберді. Бұған дейін Хорватиядан (7:23), Сербиядан (5:19) және Испаниядан (4:16) құрамамыз жеңілген болатын.

Садақ атудан қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин Олимпиада ойындарында жекелей сында жүлдесіз қалды. Ол 1/8 финалда қытайлық Джиалун Лиге 5: 6 есебімен ұтылды. Айта кетейік, Осыған дейін Қазақстаннан тағы екі спортшы садақ атудан сынға түскен болатын. Санжар Мұсаев 1/32 финалда жеңіліс тапты. Ал Денис Ганкин тек 1/16 финалға дейін жетті.  

Бұдан бөлек бүгін қазақстандық спотшылардан Елена Рыбакина кортқа шығады. Ол украиналық Элина Свитолинамен қола жүлде үшін таласқа түседі. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-ге жоспарланған. Ойынды Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Сондай-ақ, ширек финалға жолдама алу үшін екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Сәкен Бибосынов француз Билал Беннамен кездеседі. Жекпе-жек 14:48-де басталады.

63 келіге дейінгі салмақта Зәкір Сафиуллин жапондық Дайсуке Нариматсумен жұдырықтасады. Кездесу 15:36-да басталады. Жекпе-жектерді "Хабар" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда ел қоржынында үш қола медаль бар. Қола жүлделерді ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, сондай-ақ дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу