Таңғы дайджест: Путинцева жарақат алды, тағы бір олимпиада жолдамасы қоржында

1629

Екі спортшымыз үшін Токио Олимпиадасы аяқталды.

Таңғы дайджест: Путинцева жарақат алды, тағы бір олимпиада жолдамасы қоржында

Токиода Олимпиада ойындарының екінші жарыс күні жалғасуда. Бүгін шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов алғашқы айналымда жеңіске жетті. Курбанов бірінші айналымда италиялық Марко Фихерамен кездесіп, қарсыласын 15-7 есебімен ұтты.  Русланның келесі айналымдағы қарсыласы жапониялық Масаду Ямада болмақ.

Дзюдошы Ерлан Серікжанов Олимпиада ойындарын сәтті бастады. Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов алғашқы белдесуінде жеңіске жетті. Әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдескен ол қосымша уақытта "вазари" ұпайын еншіледі. Алайда 66 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз екінші айналымда италиялық Мануэль Ломбардодан жеңіліп қалды.

Сонымен қатар тағы бір спортшымыздың Токиода жолы болмады. Теннисші Юлий Путинцева бірінші айналымнан аса алмады. Отандасымыз бірінші айналымда аргентиналық Надя Подороскамен кездесіп, бірінші сетті тай-брейкте 4:7 есебімен жеңілді. Ал екінші сетте 3:1 есебімен жеңіліп тұрған отандасымыз кездесуді жалғастырудан бас тартты. Айта кетейік, Билли Джинг кубогі турнирінде де Путинцева осы теннисшіге қарсы ойнап, жарақатына байланысты екінші сетте ойыннан бас тартқан болатын.

Дегенмен, кейбір спортшыларымыздың Олимпиадада жолы болмағанымен, бүгін бізге тағы бір жағымды жаңалық келіп жетті. Ашық суда жүзуден Виталий Худяков 98-ші лицензияны жеңіп алды. Ол Токиоға Олимпиада құрамасының екінші бөлігімен 28-шілдеде барады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу