Таңғы дайджест: Жансай Смағұлов алғашқы қарсыласын жеңді, Елена Рыбакина 1/8 финалға шықты

1671

Екі спортшымыз келесі айналымға шыққанымен, садақ атудан командалық жарыста жерлестеріміздің жолы болмады.

Таңғы дайджест: Жансай Смағұлов алғашқы қарсыласын жеңді, Елена Рыбакина 1/8 финалға шықты

Бүгін 73 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы Жансай Смағұлов татамиге шықты. Оның Токио Олимпиадасындағы алғашқы қарсыласы Армения өкілі Фердинанд Карапетян болды. Тартысы бәсекеде Смағұловтың жеңіске жетті. Жансай Смағұловтың келесі қарсыласы - канадалық дзюдошы Артур Маржелидон. Айта кетейік, екі дзюдошы да құрлық біріншіліктерінің жүлдегерлері. Смағұлов 2017 жылғы Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алса, Карапетян - 2018 жылғы Еуропа чемпионы.

Жалпы дзюдодан Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі таңда 1 қола медаль бар. Қола медальді 24-шілде күні 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Елдос Сметов жеңіп алған болатын. 66 келіге дейінгі салмақта Ерік Серікжанов екінші раундта қарсыласына есе жіберіп Олимпиада ойындарын аяқтаса, Отгонцэцэг Галбадрах та алғашқы белдесуде жеңіліс тапты.

Сонымен қатар Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының 1/8 финалына шықты. Екінші айналымда Елена швед қызы Ребекка Петерсонды 6: 2, 6: 3 есебімен жеңді. Теннисшілер кортта бір сағат 15 минут болды. Келесі кездесуін Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы беларуссиялық Арина Соболенко мен WTA рейтингінде 47-ші орында тұрған хорватиялық Донна Векич арасында өтетін кездесудің жеңімпазына қарсы өткізеді.
Ал садақ атудан командалық сайыста біздің жігіттер бүгін жетістікке жете алмады. Бірінші кездесудің өзінде-ақ Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганкин Үндістаннан келген командадан 2: 6 жеңіліп қалды. Олар ширек финалға өте алмады. Дегенмен жекелей жарыстар ертең жалғасын табады. 1/16 финалда қазақстандық Денис Ганкин мысырлық Юссоф Толбаға, 28-шілдеде Мұсаев қытайлық Ван Дапанға ал 29-шілдеде Абдуллин британдық Джеймс Вудгейтке қарсы өнер көрсетеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу