Танымал кәсіпкер Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады

360

Кәсіпкер көлікті барлық Қазақстан халқының атынан сыйға тартты.

Танымал кәсіпкер Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады Фото: Жеке парақшасынан

inDrive компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа Audi Q8 көлігін табыстады.

"Мен Audi Q8 көлігін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа сыйладым. Михаил тарихи, керемет өнер көрсетіп, алтын жүлдені жеңіп алды. Қазақстанда ғана емес, шетелде де миллиондаған адамға шабыт сыйлады. Бірақ бұл жеңістің артында жылдар бойғы күнделікті еңбек, тәртіп пен жанқиярлық жатыр", – деп жазды Арсен Томский.

Оның айтуынша, бір кездері Станислав Александрович ұлын қолдау үшін өз көлігін сатқан.

Көлікті табыстау кезінде Станислав Шайдоров көз жасына ерік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу