Танымал КВН ойыншысы "Астана" футбол клубының Директорлар кеңесіне мүше болды

126

Мәлік Хасенов кезінде "Казахи" КВН командасында өнер көрсеткен. 

Танымал КВН ойыншысы "Астана" футбол клубының Директорлар кеңесіне мүше болды

"Астана" футбол клубының Директорлар кеңесінде өзгерістер болды. Бизнесмен Ибрагим Ақдрашевтің орнына Директорлар кеңесінің мүшесі боп Мәлік Хасенов тағайындалды.

"Мәлік Темірғалиұлы – іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында мол тәжірибеге ие маман. Ол 2019 жылы Астанада хоккейден Әлем чемпионатын ұйымдастырған штабтың жетекшісі болды, сондай-ақ 2018-2020 жылдары Астана қаласы Футбол федерациясының президенті қызметін атқарды", – делінген елордалық команданың әлеуметтік желідегі хабарламасында. 

Айта кетейік, атқарған ауқымды істері үшін Мәлік Хасенов мемлекеттік "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу