Танымал спортшы әуелі депутат, сосын президент болуға тырысатынын айтты

Бұл туралы ММА жауынгері Қуат Хамитов әлеуметтік желіде жазған. 

Танымал спортшы әуелі депутат, сосын президент болуға тырысатынын айтты Фото: esquire.kz

"Найман" лақап атымен белгілі спортшы бұған дейін де саяси амбициясын ашық білдіріп келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қысқасы, мен 2045 жылы президенттікке түсемін деп шештім! Менің олардан қай жерім кем? Біздің елге ешқандай реформа көмектеспейді! Бар болғаны – ұрланған ұлттық байлықты қайтарып, оны экономикаға қайта құю керек! – деді ол.

2024 жылы "Вестник ММА" басылымына берген сұхбатында ол сайлауға 2035 жылы түсетінін айтып қалған-ды.

– Спорттық мансабымды аяқтаған соң 5 жыл аралығында депутат болуға тырысамын. Ал он жылдан кейін, мүмкін, президент болғым келер. Себебі, депутаттар ештеңені өзгертпейді. Сондықтан, он жылдан кейін күтіңіздер, мен президент сайлауына қатысамын, – деген еді Қуат Хамитов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу