Танымал теннис қызметкері Қазақстан теннис Федерациясының құрамына косылды

1571

Ол елдегі теннистің дамуын қадағалайтын болады.

Танымал теннис қызметкері Қазақстан теннис Федерациясының құрамына косылды

Танымал теннис қызметкері Дэйв Майли Қазақстан теннис Федерациясына жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол федерацияның атқарушы директоры ретінде теннистің дамуын қадағалайды. 

Дэйв Майли 25 жылдан астам Халықаралық теннис Федерациясының (ITF) басқарушы лауазымдарында жұмыс істеді. Ол 10 жасқа дейінгі ойыншыларды дамыту бойынша ITF бағдарламасының бастамашысы және авторы.  Бұл бағытта Дэйв Майли Әлемдегі ең білікті мамандардың бірі болып саналады.

Сонымен қатар, жасөспірімдер мен мүгедектер арбасы теннисін дамыту саласында үлкен тәжірибесі бар. Майли әртүрлі жасөспірімдер турнирлерінде аралас рейтингтің енгізілуіне және жаттықтырушыларға арналған әлемдік дайындық стандарттарының енгізілуіне жауап берді. Ол шамамен 15 жыл бойы ITF медициналық комиссиясының мүшесі болды. Оның құрамында допингке қарсы бағдарламалар желісі бойынша теннис федерацияларының жұмысын ұйымдастыруға қатысты.

Қазақстан теннис Федерациясының жаңа атқарушы директоры ITF-тің аймақтық қауымдастықтармен, Олимпиада комитетімен жұмысын бақылап, Олимпиада, Паралимпиада және Азия ойындарын ұйымдастыруға қатысты.
Сонымен қатар Дэйв Майли енді теннис саласындағы тәжірибесімен бөліседі. Ол жаттықтырушыларға арналған бірнеше арнайы басылымдардың және көпшілікке арналған теннис тарихы туралы кітаптардың авторы.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу