Танысып қойыңыздар, Станислав Александров

2060

"Барыстың" бапкерлер штабы  бұрын ересектер деңгейінде ойын көрсетуде тәжірбиесі болмаған үш спортшыны жастар лагеріне бірден тартпақ. Бұл үшеуі жастар деңгейінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Сол ойыншылардың бірі Станислав Александров.

Танысып қойыңыздар, Станислав Александров

Көзге түсіп, жақсы ойын көрсетіп жүрген шабуылшылардың бірі 2002 жылы туған Станислав Александров. Өткен маусымда Стас ЖХЛ-да 27 ұпай жинап, "Снежные Барсы" командасындағы көшбасшылардың бірі болды. Сондай-ақ, ол "Барыс" жастар командасына "Жастар" лигасының алтын медалін алуға көмектесті.

Жас шабуылшы лиганың қандай айырмашылығы бар екенін, сондай-ақ ол өзінің алғашқы жастар Әлем чемпионатының несімен есте қалғанын әңгімелеп берді.  

- Стас, әңгімемізді жиі қойылатын сұрақтан бастасақ. Хоккейге қалай келдің?

- Әкемнің досының ЖХЛ ойнайтын ұлы бар еді. Ол маған өзімді хоккейде сынап көруім керектігі туралы кеңес берді. Ол кезеңнен есте қалғаны шамалы екен. Сырғанауды 1999 жылғы балалармен бастағаным есімде.

- Сен соңғы екі маусым бойы ЖХЛ-да "Снежные Барсы" командасында ойнадың. Өзіңнен үлкен жігіттерге қарсылас болу қиын ба?

- Бірінші маусымда ауырлау болды. Дегенмен, бұл деңгейде жас айырмашылығы көп байқалады. Қазір жеңілдеу, өйткені көптеген командаларда менің жасымдағы немесе бір жас үлкен жігіттер ойнады. Ал, өзіңді дамытқың келсе, өзіңнен мықты қарсыластармен ойнаған дұрыс.

- ЖХЛ, "Жастар" ЖЛК және ЖХЛ біріншілігі арасындағы айырмашалық елеулі ме?

- Әрине, ЖХЛ-да мүлдем басқа жылдамдық, ойын стилі де басқа. Командалар да мықтырақ, ойыншылардың шеберлігі де жоғарырақ. Бірақ мен кез келген деңгейде ойнауға әзірмін. Неғұрлым көп тәжірибең болса, соғұрлым жақсы.

- Өткен маусымда сен ЖХЛ-да көп ойын уақытына ие болдың. Осы жүктемеге дайынсың ба?

- Иә, мен өзімді жақсы сезінемін. Жаттықтырушылар да көп сенім арта бастады. Бұл өзіңе деген сенімділікті арттырады. Ойында ойыңдағыны жасай аласың.

- Маусымның қорытындысы бойынша сен 17 шайба салып, өз командаңның екінші мергені болдың. Алайда есебіңде тек 10 нәтижелі пас бар. Нәтижелі пастан гөрі, гол соққан жақсырақ шығатын сияқты ма?

- Жоқ, олай емес деп ойлаймын. Серіктестерім дәл менің пастарымнан кейін соққы жасай алмай жатады (күледі). Жалпы, оларға рахмет, мен үшін жақсы сәттер келтіріп жатады. Хоккей - бұл командалық ойын, мұнда бәрі өзара байланысты.

- Өткен маусымнан бастап жас жігіттер ересек командаларда тәжірибе алуда. Қалай ойлайсың, бұл өсу үшін қосымша ынталандыру бола ала ма?

- Әрине, барлығымыздың да жоғары деңгейде ойнағымыз келеді. Менің ойымша, барлығы шеберлер командасына қосылуға және сонда орнығуға тырысады. Бірақ бұл үшін біріншіден, өзіңді жастар деңгейінде көрсетуің керек. Қарапайым мысал: Артем Королев, Максим Мусоров, Диас Гусейнов. Олар жақсы нәтижеге қол жеткізді де, ересек команда  жаттықтырушыларының назарына ілікті.  

- Чехиядағы жастар арасындағы Әлем чемпионатында қарсыластарыңнан екі жас кіші бола тұра, жай жүрмей екі шайба салдың. Бұл турнир несімен есте қалды?

- Әрине, Германиямен болған сол матч пен осы екі шайба есте қалды. Әлем чемпионатындағы атмосфера мүлдем өзгеше болды, ал команда деңгейі ЖХЛ-дан өзгеше. Бірақ мен сол ойыннан кейін өзім үшін қорытынды жасадым – қарсыластың жасына қараудың қажеті жоқ.

- Сен маусымаралық "Барыс" жастар лагеріндегі ойыншылардың тізіміне ендің. Бұл сен үшін күтпеген жағдай болды ма?

- Иә, шынымды айтсам, бұл күтпеген жағдай болды. Осы жиындарға барынша дайындалдым, өзімді көрсеткім келді. Саған мұндай мүмкіндік беріп тұрған кезде, оны пайдаланып қалу керек, сол жерде өзіңді бекітетіндей, шеберлерден кем түспейтіндей болуың керек.

- Сен қазір карантин жағдайында немен айналысып жатырсың?

- Ұйықтаймын (күледі). Кейде достарымызбен кездесіп, футбол ойнаймыз. Бабымды өз деңгейінде ұстап тұру үшін және маусымға жақсы күйде келу үшін өз бетімше жаттығамын. Жаттықтырушылар штабы бізге жаттығу бағдарламасын берді, бәріміз сол бойынша жаттығамыз.

-Әңгімеміздің соңында біздің жанкүйерлерімізге бос уақытта көруге ұсынатын бір-екі фильмді атасаң?

- Ойыма бірден үш фильм түсіп отыр: "Волк с Уолл-стрит", "128 ударов сердца в минуту"  және "В спорте только девушки".

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу