"Тараз" футболшылары маусымның соңғы бөлігін жалақысыз ойнап беруге келісті

1358

Командадағы бірқатар ойыншылардың келісім-шарттары аяқталды.

"Тараз" футболшылары маусымның соңғы бөлігін жалақысыз ойнап беруге келісті

"Тараз" командасының бапкерлері мен футболшылары Қазақстан біріншілігінің соңғы бөлігін жалақысыз ойнап беруге келісті. Бұл туралы клубтың атқарушы директоры Талғат Тұрлыбайұлы хабарлады. 

"Қуанышымызға орай, біздің барлық ойыншыларымыз, қазақстандық және шетелдік футболшылар. Сонымен қатар бапкерлер келіссөзден кейін клубтың жағдайын түсініп, маусымның соңын келісім-шарттарының аяқталғанына қарамастан тегін ойнап беретін болды. Осындай қиын жағдайда футболшылар мен бапкерлердің командадан кетіп қалмағанына қатты қуаныштымын", - делі Талғат мырза клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, соңғы ойында "Тараз" Қазақстан біріншілігінің 19-турында "Жетісу" командасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Осы ойынға қатысты "Тараздың" бас бапкері өз пікірімен бөлісті.

"Мен өткен жылы бесінші орынды иеленген және қазір де жоғары орындарға үміткер байсалды команданы жеңгеніме қуаныштымын. Бұл тең ойын болды. Екі командада да жақсы мүмкіндіктер болды. Бірақ біздің айымыз оңынан туды - гол соға алдық. Тағы бірнеше сәттер болды. Сондықтан біз тұтастай алғанда жақсы ойнадық және осы матчқа қойылған мақсаттарды орындадық деп айта аламыз. Кездесуде біз түрлі тактиканы қарастырдық және алаңда ойынның қалай өрбитініне дайын болдық", - деді Владимир Никитенко.

Сонымен қатар бас бапкер чемпионаттың қалған матчтарына оптимизммен қарайтынын және мүмкіндігінше өз тәрбиеленушілерін енді ойындарға көбірек тартуға тырысатынын айтты.

"Жалпы, Чемпионатқа қорытынды жасауға әлі ерте деп ойлаймын. Мен алғашқы алтылыққа енгім келді. Бірақ біз көп ұпай жоғалттық. Соның ішінде көп жағдай жеке және өрескел қателіктердің кесірінен болды. Сонымен қатар, біраз матчтарда олар белгіленген бөліктерден, оның ішінде пенальтиден гол жіберіп алды. Бірақ біз ойынды барлық жағынан жақсарту үшін матчты талдай отырып, жұмыс істеп жатырмыз. Осыған байланысты алға қарай даму бар деп ойлаймын. Біз қалған матчтарға оптимизммен қараймыз. Осы чемпионатқа лайықты екендігімізді дәлелдеу үшін және өз тәрбиеленушілерімізді мүмкіндігінше көбірек ойынға тартуға тырысамыз", - деді "Тараз" футбол клубының бас жаттықтырушысы.

Ермұхамед Мәулен

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу