Қазақстан Кубогінің үшінші туры аясында "Атырау" мен "Тараз" командалары үш ұпайды сарапқа салды. "Мұнайшы стадионында өткен кездесу 1:2 есебімен жамбылдық клубтың пайдасына аяқталды. Матчтың 30-минутында "Атыраудың" жартылай қорғаушысы Жиан Мартинс есеп ашты. Бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда Дінмұхаммед Қараман Урош Ненадовичтің пасынан кейін есепті теңестірді. Ал 59-минутта Бауыржан Байтана еш қиналмай айып алаңына кіріп, жақын бұрышты дәл көздеді. "Тараз" бұл ойынына кейін 6 ұпаймен В тобында екінші орынға көтерілді. "Атырау" бір ұпаймен ең соңғы орында тұр.
"Ақтөбе" Қазақстан Кубогінің үшінші турында "Қайсарға" есе жіберді. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында өтіп, 1:2 есе.імен аяқталды. Ойынның 69-минутында Егор Потапов бұрыштамадан асырған пасты баспен қақпаға дәл бағыттап, командасының алғашқы голын соқты. 84-минутта Стефан Денкович жылдамдығының арқасында қақпашымен жеке-дара шығып, өз мүмкіндігін голға айналдырды. 96-минутта Михал Йерабек есеп айырмасын қысқартты. Бесінші ұпайларын қоржынға салған қызылордалық клуб С тобында көш бастады. "Ақтөбеде" бірде-бір ұпай жоқ.
Сонымен қатар "Қайрат" Қазақстан Кубогінің үшінші туры аясында "Тұранды" қабылдады. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 0:1 есебімен түркістандық клубтың пайдасына шешілді.
68-минутта алаң ортасында "Қайрат" ойыншыларынан допты тартып алған Нұрғайни Бөрібаев Стэнлиге пас берді. Ал Нкоби айып алаңының сыртынан алыс бұрышты дәл көздеп командасына жеңіс сыйлады. Алматылық клуб бұл ойында тек жас ойыншыларға сенім артты. Алғашқы үш ұпайына қол жеткізген түркістандық клуб Д тобында ең соңғы орында тұр. "Қайрат" бір саты жоғары тұр
"Қызыл-Жар" Қазақстан Кубогінің үшінші турында "Ордабасыны" қабылдады. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 17-минутында "Ордабасының" қорғаушысы Александр Клещенко екі бірдей ойыншыны алдап өтіп, айып алаңына пас асырды. Сұлтанбек Астанов бос қақпаны дәл көздеп, командасын алға шығарды. Ал 43-минутта Сергей Хижниченконың қателігінен кейін петропавлдық клуб таразы басын теңестірді. Гол авторы - Дарко Зорич.
Ермұхамед Мәулен