"Тараз" клубы үлгі аларлық іс жасады

1643

Бұл құрылғы жүздеген адам өмірін сақтап қалуға көмегі бар аппарат.

"Тараз" клубы үлгі аларлық іс жасады

Бүгінгі күнде қазақстандықтар оттекті аппараттарды алуға қаражат жинап, ем алушылар үшін ауруханаларға жеткізу акцияларын ұйымдастыруда. Бұл ретте "Тараз" кәсіпқой футбол клубы да бейтарап қалмай, акцияның бел ортасынан табылды. Клубтың әкімшілігі мен ойыншылары төрт оттекті аппаратын алып, облыстық инфекциялық стационарға жеткізді.

"Біз бұл акцияны облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен біріге ұйымдастырдық. Мұндай идеяны біздің ойыншылар шын ықыласымен қабыл алып, бір кісідей атсалысты. Олардың қатарында қазақстандық ойыншылар ғана емес, шетелдік футболшылар да бар. Дүниежүзін дендеген дерт барлығымыздың өмір салтымыздың бұзылуына әкелді десек болады. Біз бірігіп, ереже мен тәртіптті қатаң сақтап, күресуіміз қажет. Аппараттар ауырып жатқан азаматтардың өмірін сақтауға қажет болады деп үміттенеміз. Барлық ем қабылдап жатқан адамдар тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деді клуб басшысы Талғат Тұрлыбайұлы.

Айта кету керек, бұл клубтың соңғы екі аптадағы екінші акциясы. Бұған дейін команда осы стационардағы 100 дәрігер мен медицина қызметкерлеріне арнап түскі ас жасаған болатын.

Дәрігерлер мен ем алушылар көрсеткен қолдау үшін клубқа ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтты.

Қазіргі күндері көмек шаралары өзге де спортшылар тарапынан жасалып жатыр. Мысалы, осы күні паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері де жәрдем жасады.

Ермұхамед Мәулен

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу