"Тараз" ойыншылары мен ұжымы ИВЛ аппараттарын алып береді

1934

"Тараз" клубының ұжымы елімізді әбігерге салған әлемдік пандемиямен күресіп жатқан дәрігерлер мен медицина саласының барлық қызметкерлеріне құрметпен қарап, адам жанын арашалаудағы істеріне бас иеді.

"Тараз" ойыншылары мен ұжымы ИВЛ аппараттарын алып береді

Күн-түн демей күзетіп, сырқаттанған жандардың жанынан табылып, жәрдем жасауы қандай құрметке болса да лайық деп жазады "Тараз" КФК баспасөз қызметі. 

Бүгін футбол клубының әкімшілік құрамы мен ойыншылары коронавирус жұқтырғандар мен пневмониямен ауырып жатқан жандарды емдеп жүрген инфекционды стационардағы 100 медицина маманына түскі асқа арнап тамақ пен жеміс-жидек жеткізді. Клуб басшысы Талғат Тұрлыбайұлы:

- Қауіпті инфекциямен күресте ерлік танытып, алғы шепте жүрген дәрігерлерге деген шынайы құрметімізді білдіргіміз келеді. Бастысы ол жандарға рухани демеу көрсету. Біз, қарапайым азаматтар дәрігерлермен бірге екенімізді, олардың ісі ерлікке пара пар екенін көрсету, - дейді.

Бұл игі іс Жамбыл облысы әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт басқармасының үгіт насихат жұмысының нәтижесі.

"Тараз" футбол клубының басшылығы шетелден 5 дана ИВЛ аппаратына тапсырыс беріліп қойғанын айтты. Алдағы уақытта жеткізілмек. Айта кету керек, футбол клубының қызметкерлері мен футболшылары өздерінің жеке қаражаты есебінен демеушілік танытты.

Еске салайық, пандемия кезеңінде бүгінде Жамбыл облысында үш дәрігер пневмониямен ауырып, қайтыс болды. Футбол клубы қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына қайғысына ортақ болып, көңіл айтады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу