"Тараз" "Тобылды" тобықтан қақты

1775

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турының нәтижесі бойынша "Астана" көшбасшылықты сақтап қалды.

"Тараз" "Тобылды" тобықтан қақты

"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында "Тобылмен" кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Жамбылдық клуб бұл ойында 3 мәрте Александр Мокин қақпасын дәл көздесе, "Тобыл" ойыншыларына дәл соққы жасаудың сәті түспеді. Одан бөлек, алаң иелері сапында 5 ойыншы, ал қостанайлық клубтың 3 ойыншысы сары қағазбен жазаланды.

Бір ұпайды қоржынға салған Вардан Минасян шәкірттері турнирлік кестеде тоғызыншы орынға тұрақтады (25 ұпай). Ал "Тобыл" 46 ұпаймен екінші орында қалды.

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында "Қайрат" пен "Қызыл-Жар" өзара мықтыны анықтады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды Қазаұстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев 76-минутта соқты. Бұл оның осы маусымдағы 10-голы болды. Жеңіс тойын тойлаған Құрбан Бердыевтың командасы 40 ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орынға табан тіреді. Ал петропавлдық ұжым 32 ұпаймен бір саты төменде тұр.

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында "Қайсар" қарағандылық "Шахтерді" қабылдады. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 1:2 есебімен аяқталды. Ойынның 71-минутында Давид Мавутор қарсылас ойыншысының қателігін сәтті пайдаланып, "кеншілерді" алға шығарды. Бірақ бес минуттан кейін Арман Кеңесов айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасап, есепті теңестірді. Ал 91-минутта алғашқы голдың авторы Мавутор қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Кездесудің 97-минутында Айдос Тәттібаев баспен гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Қызылордалық ұжым бұл жеңілістен кейін 15 ұпаймен он үшінші орында қалды. Магомед Адиев шәкірттері 25 ұпаймен оныншы орынға көтерілді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу