Премьер-лиганың 10-орнына талас бұлайша қызықты өтеді деп ойламаған едік. "Тараз" командасы мен "Атырау" екеуі де жоғарғы топтағы жылы орындарын сақтап қалғысы келеді. Алайда 10-орын алғанымен де одан кейін 1-лиганың 3-орын алған ұжымымен өтпелі матч ойнауға тиіс. Дегенмен соның өзіне де қазір жету қиын болып тұр.
"Тараз" енді 31 ойында 26 ұпай жинаса, "Атырау" 30 ойында 23 ұпай алып тұр. "Жетісумен" өткен матчта жамбылдықтардың бір гол салатын тамаша мүмкіндігі болды, алайда сол эпизодта футболшыға сәттілік жетіспеді. Дегенмен 0-0 тең нәтиженің арқасында "Тараз" 1 ұпайды қанжығаға басты.
Ермұхамед Мәулен