Таразда Қарахан дәуіріне жататын нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды

296

Олардың қатарында тиындар мен басқа да археологиялық олжалар бар.

Таразда Қарахан дәуіріне жататын нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды Фото: gov.kz

Халықаралық археологтар күніне орай "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында "Тараз археологиясы: Қарахан мемлекетінен қалған нумизматикалық жәдігерлер" атты көрме ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көрмеге Тараз қаласындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу барысында табылған, Қарахан мемлекеті кезеңіне жататын 104 нумизматикалық жәдігер қойылды. Олардың қатарында тиындар мен басқа да археологиялық олжалар бар.

Ұсынылған жәдігерлер ортағасырлық кезеңдегі ақша айналымы мен сауда-экономикалық байланыстарды зерделеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Тараздың Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды орталықтардың бірі болғанын айғақтайды.

Музей-қорық мамандары келушілерді жәдігерлердің тарихымен, оларды зерттеу ерекшеліктерімен және өңірдің археологиялық мұрасымен таныстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу