Шымкенттің "Ордабасы" клубы Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Қазақстандық команда сырт алаңда Грузияның "Торпедо Кутаиси" клубымен кездесіп, қарсылас қақпасына үш гол соқты. Қорытынды есеп – 4:3, өкінішке қарай, шымкенттіктердің пайдасына емес.
Бұл нәтиже "Ордабасы" үшін айрықша маңызға ие. Себебі бұған дейін команда ешқашан еурокубоктық матчтарда, әсіресе сырт алаңда, екі голдан артық соққан емес. Осылайша, тарихта алғаш рет шымкенттік клуб қарсылас алаңында үш рет мергендік танытып отыр.
"Торпедо" (Кутаиси, Грузия) – "Ордабасы" – 4:3
Голдар: Бьорн Йонсен 30, 79, Матей Шимич 45+2, 90+4 – Михай Кэпэцинэ 32, Лука Имнадзе 35, Сағадат Тұрсынбай 69
Енді "Ордабасы" бұл сәтсіздіктің орнын толтыру үшін өз жанкүйерлерінің алдында жауапты ойынға шығатын болады. Қарымта кездесу 17 шілде күні Шымкент қаласындағы стадионда өтеді.