"Тарихи шешім" – Астана атауын қайтару қала мәслихатында қаралды

2035

Елорда мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласын Астана деп қайта атау мәселесі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тарихи шешім" – Астана атауын қайтару қала мәслихатында қаралды

Қалалық ономастикалық комиссияның мүшесі, ғалым филолог Кәрімбек Құрманалиев мәслихат депутаттарын астананың бұрынғы атауын қайтаруды қолдауға шақырды.

"Осы ұсынысты қолдасаңыздар Қасым-Жомарт Кемелұлының "халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясының жүзеге асқаны болар еді", – деді ол.

Қалалық ономастикалық комиссияның тағы бір мүшелері Бүркітбай Аяған мен Дәулеткерей Кәпұлы да қаланың бұрынғы атауын қайтару "тарихи шешім" болатынын айтты.

Қалалық ономастикалық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша мәслихат депутаттары шешім шығаратын болады.

Қолдау тапса, ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияға, сосын Үкіметке, Үкіметтен Президентке қол қойғызуға жолданады.

Әкімдіктен хабарланғандай, қаланың Астана атауын қайтаруға ресми 17 ұсыныс түскен. Бейресми ұсыныстар да көп. 

Кейінгі болып Мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы ұсыныс айтқан. Мұнымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келіскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу