Тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың да несиелері кешіріледі

Бұған дейін тек қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қауіпсіздік қызметкерлерінің ғана қарыздары кешірілетіні хабарланған.

Тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың да несиелері кешіріледі

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан азаматтардың несиелері есептен шығарылады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚРҚҚА) Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Нұсқаулыққа сәйкес тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің несиелері есептен шығарылады. Дәл осындай жұмыстар тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың тізімдері бойынша жүргізіледі", – деді Терентьев.

Александр Терентьев несие беру мерзімін кейінге қалдыру кезеңінде қаржы институттары айыппұл мен өсімпұл есептемейтінін атап өтті. Мерзімі өткен пайыздық сыйақыны да капиталдандыруға жол берілмейді.

"Сонымен қатар төлемді кешіктіру қарыз алушының несие тарихына әсер етпейді. Несиелік бюроға ол туралы теріс ақпарат беруге негіз болмайды. Кейінге несие бойынша төлемді кейінге қалдыру үшін борышкер кез келген қолжетімді байланыс құралы немесе несие берушіге жеке бару арқылы еркін түрде өтініш жазуы керек", – деп атап өтті спикер.

Агенттік барлық борышкерлер үшін несиелер мен микрокредиттердің барлық түрлері бойынша төлемдерді кейінге қалдырудың бірыңғай тәртібін қабылдады. Мұндай жеңілдік (төлемді кешіктіру) барлық зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға төтенше жағдай енгізілген күннен бастап үш айға беріледі.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер несиені кейінге қалдыруға өтініш бере алады.

Өтінішті үш ай ішінде, яғни биылғы жылдың 5 сәуіріне дейін беруге болады. Бұл ретте, өтініш берілген күнге қарамастан, төтенше жағдай енгізілген күннен бастап несие бойынша төлемдің кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.

"Біз тәртіпсіздіктер кезінде ең көп зардап шеккен қарыз алушылар үшін өз бизнесін толық қалпына келтіруге ұзақ уақыт қажет болатынын түсінеміз. Сондықтан несие беруші мен қарыз алушының келісімі бойынша үш емес, басқа ұзағырақ мерзім белгіленуі мүмкін", – деді Александр Терентьев.

Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін қарыз алушыға төлемдерді өтеудің екі жолы ұсынылады:

- Бұрын кейінге қалдырылған төлемдерді несие мерзімінің соңына дейін біркелкі бөлу;
- Несие бойынша ағымдағы төлемдер сомасын сақтап тұру үшін несие мерзімін ұзарту.

"Бұл жағдайларда кредиттік мекеме мен қарыз алушы арасындағы келісім бойынша басқа кесте белгіленуі мүмкін", – деп қосты агенттік өкілі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу