Қызылордалық "Қайсар" ҚПЛ-2023 төртінші турындағы ойында "Каспийді" жеңді. Ақтаулық клуб Алматыда "Қайсарды" қабылдады. Кездесу 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Бірінші таймда "Қайсар" Василий Совпелдің күшімен 26, 36-минуттарда екі гол соқты. 54-минутта Бақдәулет Зульфикаров "Қайсардың" басымдығын арттыра түсті - 3:0. Ал алаң иелері тек бір гол соқты. 63-минутта Алексей Залеский пенальтиден мүлт кетпеді. "Қайсар" үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы жеңіліс болды. "Каспий" барлық төрт кездесуде де жеңіліп қалды.
Сонымен қатар төртінші турда қарағандылық "Шахтер" мен алматылық "Қайрат" тең ойнады. Қарағандыда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 75-минутында кеншілердің жартылай қорғаушысы колумбиялық Роджер Каньяс есеп ашты. Ал 86-минутта оның отандасы Кампо Мина Франциско Жоао Паулоның айып соққысынан кейін допты өз қақпасына бағыттады. Айта кету керек, екінші таймның басында "Шахтер" қақпасына пенальти белгіленіп, VAR-ды қайта көрген соң пенальти алып тасталынды. Осылайша "Шахтер" бірінші ұпайын еншілесе, "Қайратта" сегіз ұпай бар.
Павлодарда төртінші тур аясында "Ақсу" - "Мақтаарал" арасында кездесу өтті. Матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 22-минутта "Мақтаарал" Петрос Аветисянның голының арқасында есеп ашты. "Ақсу" 51-минутта Тони Сильваның голынан кейін есепті теңестірді. Ал Мирас Тұрлыбек әдемі гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Нәтижесінде "Ақсу" төрт ұпай жинап, алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, "Мақтаарал" төрт турда да жеңіліс тапты.
Бүгін, 2 сәуірде футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турының қалған ойындары өтеді. Айта кетейік, бүгінгі екі матч бір уақытта басталады. "Жетісу" - "Тобыл" (15:00), "Ақтөбе" - "Қызыл-Жар" (17:00), "Атырау" - "Оқжетпес" (17:00) және "Астана" - "Ордабасы" (19:00).