Тартысты жекпе-жекте "Барыс" "Металлургқа" есе жіберді

2106

Шығыс конференциясының ширек финалының алғашқы матчында "Барыс" "Металлургтан" жеңіліп қалды.

Тартысты жекпе-жекте "Барыс" "Металлургқа" есе жіберді

Алаң иелері бірінші минутта есеп ашты. Егор Коробкин беткі борттан күтпеген серпілісті пайдаланып, Хенрик Карлссон қорғаған қақпаға шайба дарытты. Қонақтар тез арада таблодағы көрсеткішті теңестірді. Мэттью Фрэттин орта аймақта шайбаға жақсы таласты. Содан кейін Кирилл Панюков қатты соққысымен Василий Кошечкинді шегінуге мәжбүр етті. Үзіліске дейін "Барыс" өзін тағы екі рет көрсетті. Роман Старченко мен Даррен Диц бір ойыншыға артық басымдылықты пайдаланып бір-бірден гол салды. 

Екінші кезең ойын барысын мүлде басқа арнаға бұрды. Алаң иелері 20 минутта төрт гол ұйымдастырды. Оған "Барыс" Вароненің жекпе-жекте соққан бір голымен ғана жауап берді.Соңғы шешуші кезеңде Егор Яковлев пен Николай Прохоркин "Металлургты" сенімді жеңіске жеткізді.

"Металлург" - "Барыс" (7: 4) матчынан кейін бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

"Жігіттер бүгін өте жақсы ойнады. Бірінші кезеңде агрессия басым болды. Екіншісінде мұқият болмай, мұны қарсыластарымыз сәтті пайдаланды. Бұл тек алғашқы жекпе-жек. Біз одан әрі күресті жалғастырамыз. Әр ойында барымызды саламыз", - деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"Алғашқы плей-офф матчы үшін күтпеген нәтиже. Голдар өте көп болды. Шабуылдар нәтижелі аяқталып жатты. Ал қақпашылардың ойынын талқылаудың қажеті жоқ деп ойлаймын", - "Металлург" ХК бас бапкері Илья Воробьев.

"Металлург" – "Барыс" 7:4 (1:3, 4:1, 2:0)

1:0 – 00:37 – Коробкин (Кошелев, Голдобин), 1:1 – 05:26 – Панюков (Орехов), 1:2 – 13:33 – Старченко (Панюков) ГБ +2, 1:3 – 15:17 – Диц (Панюков) ГБ, 2:3 – 21:33 – Яковлев (Прохоркин), 3:3 – 26:44 – Мозякин (Нестрашил, Минулин), 4:3 – 28:03 – Голдобин (Кошелев), 5:3 – 33:24 – Голдобин (Плотников, Яковлев) ГБ, 5:4 – 36:21 – Вароне (Диц, Карлссон) ГБ, 6:4 – 52:54 – Яковлев, 7:4 – 53:09 – Прохоркин (Плотников, Пашнин).

Қақпашылар: Кошечкин (Олкинуора, 15:17-60:00) – Карлссон (Ортио, 52:54-60:00)

Серияның екінші жекпе-жегі 4-наурызда Магнитогорск қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу