Тәуелсіздік Монументі EXPO кешеніне жақын жерде салынбақ

27140

70 метрлік сәулет нысанын "БАЗИС-А" корпорациясы салады. 

Тәуелсіздік Монументі EXPO кешеніне жақын жерде салынбақ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салынатын монумент 25 қырлы болады, ол ақ мәрмәрмен қапталады деп "БАЗИС-А" компаниясының  сайтында хабарланған.

Болашақ монументтің эскиз-идеясының авторы Еділ Әлімбеков Алматы қаласынан екен. Оның жобасы байқауға ұсынылған 66 жұмыстың ішінен таңдап алынған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бұл нысанның құрылысына 100 миллион теңге бөлінеді. Монумент еліміздің алдағы Тәуелсіздік күніне қарай орнатылуы керек.

"БАЗИС-А" компаниясы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды, көлік жолдары мен темір жолдарды салады. Жыл сайын әр түрлі бағытқа негізделген 400 000 ш.метрге дейінгі ғимараттарды пайдалануға береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу