АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Таяу Шығыстағы әскери операция кезінде жараланған тағы бір америкалық әскери қызметкер көз жұмғанын мәлімдеді. Осылайша қаза тапқан АҚШ әскерилерінің саны жетуге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай, 1 наурыз күні Сауд Арабиясы аумағында орналасқан америкалық күштерге жасалған шабуыл кезінде бір әскери қызметкер ауыр жараланған. Бұл туралы қолбасшылық X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы дерегіне сәйкес, бұл Иранға қарсы жүргізіліп жатқан "Эпикалық қаһар" операциясы барысында қаза тапқан жетінші америкалық әскери қызметкер.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен операциясы 28 ақпан күні басталды. Оның нәтижесінде Ислам Республикасының жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. Тегеран қарымта жауап ретінде Парсы шығанағындағы елдерде орналасқан АҚШ әскери базаларына зымырандар мен дрондар ұшырды.
Сондай-ақ БАӘ аумағындағы азаматтық инфрақұрылым нысандары да зардап шекті.