Әлемде мұнай үшін күрес күшейді

1669

OPEC+ елдері мамыр айында мұнай өндірісін арттыруға келісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлемде мұнай үшін күрес күшейді Фото: energy.asia

Ресми мәлімдемеде бұл шешім "нарықтың тұрақтылығын сақтау" мақсатында қабылданғаны айтылды.

Келісім ұйымға мүше 8 ел – Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман қатысқан бейнеконференциядан кейін жарияланды.

Бұған дейін, наурыз айындағы кездесуде ОПЕК+ елдері өндіріс көлемін тәулігіне 206 мың баррельге ұлғайтқан еді. Енді бұл үрдіс жалғасуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдайға байланысты. Яғни, ұйым әлемдік нарыққа мұнай жеткізуді арттыруға дайын екенін көрсетіп отыр.

Жалпы жоспар бойынша, ОПЕК+ елдері 2025 жылдың қазан айынан бастап өндірісті біртіндеп көбейтеді. Бұған дейін мұнай бағасын жоғары деңгейде ұстап тұру үшін керісінше шектеулер енгізілген болатын.

Сонымен қатар, ОПЕК болжамынша, 2026 жылы әлемдік мұнайға сұраныс тәулігіне 1,4 млн баррельге өседі.

Айта кетейік, Қазақстан Парламенті Мәжілісі ОПЕК даму қорымен байланысты операцияларға қатысты құжатты да қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу