"Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ 2029-шы жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдама мәртебесіне ие болды. Құжатта экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында кешенді іс-шаралар айқындалды. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы қоғамның экологиялық сауаты мен жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр", – деді Үкімет басшысы.
Олжас Бектенов бұл бастамаға кез келген үлесін қоса алатынын еске салды.
"Ол үшін экологиялық мәдениет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Барлық мемлекеттік органдар, бизнес пен бүкіл қоғам болып осы жұмыстарға белсенді атсалысуымыз қажет", – деді Премьер-министр.